Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/9 шешімі
(2026.17.03. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағы 4-3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | В. Бубенко |
облыстық мәслихатының
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 4/9 шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың
қағидаларын
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) сәйкес әзірленді және елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың тәртібін айқындайды.
Қағидалар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерге қолданылмайды.